Оқушыларға гигиеналық тәрбие беру
Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекс, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 10 қарашадағы № 162 Өкімімен, ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 5 қазандағы № 495 бұйрығымен бекітілген. Осы Заң денсаулық сақтау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi және азаматтардың денсаулық сақтауға арналған конституциялық құқықтарын iске асыру және олардың сақталу кепiлдiгiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау жүйесi қызметiнiң құқықтық, ұйымдық, экономикалық және әлеуметтiк негiздерiн белгiлейдi.
ОглавлениеКіріспе 41 Гигиенаның негізгі бағыттары. 71.1 Гигиена ғылымының қолданатын әдістері. 71.2 Денсаулықтың гигиеналық негіздері. 92 Мектеп гигиенасы. 112.1 Мектеп кешені мен жеріне қойылатын гигиеналық талаптар. 113 Оқушылар гигиенасы 213.1 Оқушылардың сақтану гигиенасы. 213.2 Оқушылардың гигиеналақ шынығуының негіздері 223.3 Оқушылардың жеке бас гигиенасы 254 Адамның негізгі дене мүшелерінің гигиеналық күтімі 234.1 Тәуліктік 264.2 Дене тазалығы 274.3 Есту және көз гигиенасы 284.4 Шаш және тырнақ күтімі 294.5 Аяқ және қол күтімі 304.6 Тіс, ауыз гигиенасы 314.7 Киім-кешек және аяқ киім гигиенасы 32Қорытынды 33Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 35
Файлы: 1 файлКурсовая Педагогика.doc
6. Тісті тазартқаннан кейін ауызды элексирмен шайып отыру керек, Міне тіс күтімі осындай деңгейде жүру керек. Тісің жарқырап жүрсе, қандай көңілді жүресің. Әсіресе қыздар, жас әйелдер күлгенде ең алдымен тістері адамға айрықша әсер етеді. [31]
4.7 Киім-кешек және аяқ киім гигиенасы
Адамның, барлық денесі, киім-кешегі, аяқ киімі өте келісімді болуы тиіс. Киімге қарап кездестіруіңіз керек, ақылға қарап қоштасуыңызға болады, Ең алдымен аяқ киім көзге түсуі керек. Ол әдемі жаңа, киюге өте қолайлы болғаны дұрыс. Аяқ киім аяқты қыспауы керек. Биік өкшелі аяқ киімді киюдің қажеті жоқ. Сол сияқты кроссовкаларды жалпы киюге болмайды. Ол аяқты бұзады, бірнеше аяқ дерттерін аяққа туғызады. Өйткені барлық кроссовкалар синтетикалық материалдардан жасалады. Киім жыл мезгіліне жөне ауа райына сай киілінуі керек. Әсіресе балалардың киіміне ерекше көңіл аударған жөн. Тар киім киген қыздардың денесінде "Джинсовый дерматит" деген дерт пайда болуы мүмкік, үнемі тар джинсі киіп жүргендіктен. Жұмыс киімдері өте кең болуы керек. Жұмыс киімі мақтадан тігілген болу керек. Синтетикалық киімді киюдің қажеті жоқ, әсіресе жазды күні. Өйткені адам денесінің терлеуіне байланысты тер киімге сіңбей тері үстінде болып бірнеше жұқпалы ауру тарататыны микробтардың ұясына айналуы мүмкін.
Қалыпты климатты аймақ тұрғындары ультра күлгін сәуле өтендіктен олардың көк, жасыл, ақ, көк, сирен түсті киімдерді кигені дұрыс. Олар денеге ультра күлгін сәулелерді мол түсіреді. Ал жаз айларында раушан түсті ақ киімдерді киген дұрыс. Синтетикалық киімдерді салқын түскен кездерде киюге болады. Белді жалпақ белбеулермен байлап алған дүрыс емес. Бауыр, асқазан жөне бүйрек ауруларын туғызуы мүмкін.
Балалардың киіміне өте назар аударған жөн. 15-16 жастағы қыздар өте әсем киінгені дұрыс. Әсіресе аяқ киімдері дұрыс болғаны жөн. Театрларда, басқа да сауық кештеріңде киім тіпті көз тартатындай болуы керек. Адам көркі шүберек, ағаш көркі жапырақ. [22]
Қорытынды
Осы гигиена туралы тақырыпқа курстық жұмыстарды жаза отырып көптеген әдебиеттер пайдаланып бірнеше мәселелерді талқыладым. Яғни оқушылар өмірінде гигиенаның маңызы өте зор.
Мектеп гигиенасы оқушылардың даму ерекшеліктерін және гигиенасын; сыртқы ортаның табиғат факторларының гигиеналық маңызын және оларды оқушыларды шынықтыру үшін пайдалануды; мектеп және мектептегі санитарлық-техникалық тетіктерге, мектепті жабдықтауға және оку құралдарына қойылатын гигиеналық талаптарды; оқушылардың тамағын; оқушыларда болатын аурулардың профилактикасын зерттейді. Бұл мәселелер жайлы білім әр педагог үшін қажет, өйткені мектеп гигиенасы талаптарының орындалмауы оқушы организмінің қалыпты дамуына әсерін тигізуі және түрлі ауруларға шалдықтыруы мүмкін. Сондықтан мектеп гигиенасы барлық педагогтық оқу орындарында міндетті түрде оқылатын пән болып табылады.
Мектеп гигиенасының міндеттері. Қазіргі уақытта мектеп гигиенасының алдында үлкен міндеттер тұр. Ол адамның өсіп және дамып келе жаткан организміне ықпал ететін сыртқы ортаның жағымсыз факторларының әсерін бәсеңдету үшін амал тауып қана қоймай сонымен қатар табиғи және жасанды түрде болатын жағдайлардың организмге, оның өмірлік тонусын арттыруға, жұмыс қабілетіне пайдалы әсер етіп, ауруға деген қарсылығын арттыратындарын пайдалануы керек.
Мектеп гигиенасы адам табиғатын, оның физикалық және психикалық қасиеттерін жетілдіре түсуге жәрдемдесуге тиіс.
Мектеп гигиенасының бір міндеті — өсіп және дамып келе жаткан организмді тәрбиелеу және оқыту жағдайларымен тығыз байланыста қарастыру. Сәбидің немесе жас өспірімнің организміне олардың тәрбиелеу және оқыту жағдайларын гигиеналық жағынан жақсартпайынша, әсер етуге болмайды. Орыстың материалистік физиологиясының атасы И. М. Сеченов 1861 жылдың өзінде-ақ былай деп жазған болатын: «Оның тіршілік етуін қолдап отыратын сыртқы ортасыз организмнің болуы мүмкін емес, сондықтан организмге берілетін ғылыми анықтамаға оған әсер ететін орта да енуге тиіс. Сөйтіп ортасыз организмнің тіршілік етуі мүмкін болмаса, онда тіршілікте маңызды нәрсе орта ма немесе дененің өзі ме деп таласудың ешқандай мәні жоқ».
Мектеп гигиенасы оқушылардың денсаулығын қорғауға және нығайтуға бағытталған методтарды жасап шығарады. Сонымен қатар ол бұл методтарды жалпы білім беретін колледж, мектептерде қорытындылап отырады.
Қорта келгенде, әрбір адамның, адам болмысының қалыптасуы өзінің еркінде екендігін кез келген пенде мойындайды. Әуелгі байлық – денсаулық деген қағиданыда есте сақтай бермейміз. Болашақ оқушы жастарды салауатты өмір сүруге тәрбиелеп, олардың мәселелерді дұрыс шешуге тәрбие және оқыту теориясы мен тәрбиесіне баса көңіл бөлінеді. Сондықтан да ең алдымен жастардың рухани қабілетінің салауаттылық жолын жөнге келтіру керек. Ұлттың болашағы – оқушы жастар қауымының денсаулығы. Бүгінгі оқушылардың арасында ұрлық-қорлық, тонаушылық, жезөкшелік т.б. құбылыстар күн өткен сайын көбейіп бара жатыр.
Бүгінгі таңда оқушы жастар арасында өте қауіпті дерт етек жайып бара жатқан нашақорлық, шылым – ішімдіктерді қолдану, бақылаусыз қалып барады.